Компания тарихы – табысқа жету тарихы.
«Квантор» инженерлік компаниясы» акционерлік қоғамы 1997 жылы 17 шілдеде Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының аумағында мұнай-газ өндіру, мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібі саласында мамандандырылған сервистік компания ретінде құрылды.
Мұнай мен газды коммерциялық есепке алу саласындағы Компанияның ең ірі тапсырыс берушілерінің бірі – Ресейдің, Қазақстанның, ұлттық және тапсырыс беруші компаниялардың қатысуымен ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқан Каспий Құбыр Консорциумы. Консорциум жеткізушілердің тапсырысымен Теңіз бен Атыраудан, Астрахань мен Кропоткиннен бастап Новороссийск теңіз терминалындағы танкерлерге дейін мұнай тасымалдайды
1999-2002 жылдары «Квантор» инженерлік компаниясы «Теңіз-Новороссийск» экспорттау құбырының объектілерінде: Ресейде – «Астраханская», «Комсомольская», «Кропоткин» МАС (мұнай айдау станциясы) және Новороссийск қаласындағы Теңіз терминалында, Қазақстан Республикасында – «Атырау» МАС және «Теңіз» БМАС-да (басты мұнай айдау станциясы) мұнай мен газды коммерциялық есепке алу торабының жабдығын іске қосып, сертификаттады. Техникалық тапсырманы дайындаудан бастап, МКӨЖ (Мұнай көлемін өлшеу жүйесі) жобаларын әзірлеу және әрі қарай оларды жүзеге асыру, жабдықтармен қамтамасыз ету, монтаждау мен іске қосу-реттеу жұмыстары, толық метрологиялық қолдау, қолданушы персоналды оқыту жұмыстарына дейін кең ауқымда жұмыстар мен қызметтер атқарылды. Мұнай құбырының ресейлік және қазақстандық бөлігіндегі, соның ішінде желілік бөліктегі бүкіл БӨА (бақылау-өлшеу аспаптары) паркінің құралдарын калибрлеу және тексеру бойынша ауқымды жұмысты алғаш боп компания мамандары жете орындады.
Қазіргі уақытта құбырдың бүкіл мұнай айдау станциясында күнделікті техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жаңарту жұмыстары жүргізіліп тұрады.
«ҚазТрансОйл» АҚ ұлттық мұнай тасымалдау компаниясының мердігері ретінде компания Қазақстан аумағында алғаш «Fisher Rosemount» (Emerson Process Management) фирмасы өндірген мұнайды коммерциялық есепке алу торабын «Шымкент» ҚТП (қабылдау-тапсыру пункті), «Павлодар» БМАС, «Кеңқияқ» ЖӨДС (желілік өндірістік-диспетчерлік станциясы), «Орск» ҚТП-не іске қосты. «Шманов» атындағы МАС-да (мұнай айдау станциясы) жобаны әзірлеу, монтаждау, реттеу, метрологиялық аттестаттау және резервуар паркін автоматтандыру жүйесін іске қосу жұмыстары жүзеге асырылды.
Компания Ақтөбе облысындағы Жаңажол газ өңдеу зауытына газды есепке алу торабын іске қосқан кезде, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның МАС-6 резервуар паркіндегі мұнай деңгейін өлшеу жүйесін қайта құрылымдаған кезде, Қазақстаннан Қытайға бағытталған көлік магистралі бөлігі – «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырында монтаждау, реттеу және калибрлеу жұмыстарын орындау кезінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырды.
Кәсіпорынның табысты жұмысы - оның мұнай-газ саласында өз орнын тауып қана қоймай, 2002 жылы Ресейдің инвестициялық-құрылыс кешеніндегі үздік кәсіпорындардың қатарынан көрінуіне мүмкіндік берді.
Тапсырыс берушілермен бірлескен жұмыс барысында басшылық жаңа бағытты дамыту, яғни, жоба әзірлеу қажет екенін түсінді. Бұл өнеркәсіп объектісін салудың / қайта құрылымдаудың тұтас тұжырымдамасын жасауға, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға, жобаны іске асыру мерзімін қысқартуға және технологиялық процестердің талаптарын қатаң сақтауға көмектескен болар еді.
Компания жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмай, өз қызметін кеңейтуге үлкен қадам жасады. Бұған компанияның қарқынды дамуы және дұрыс таңдалып, объектілерге орналастырылған персонал жақсы ықпал етті. Қазақстан Республикасында мұнай-газ өнеркәсібін дамытудың болашағы зор екенін және қолайлы инвестициялық ахуал бар екенін түсіне отырып, компания сол 2002 жылы «Заман Групп» ЖШС-мен бірлесіп, Қазақстан Республикасында «ЗаманКвантор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрды. Бұл серіктестің «Квантор» ИК» ЖАҚ секілді техникалық тұрғыда жабдықтары және жұмыс жүргізуге рұқсаты бар. Бұл ретте «Квантор» компаниялар тобының келісім-шарттық міндеттемелері қашан да жергілікті қазақстандық мамандарды тартуды және оқытуды көздейді, бұл Қазақстан Республикасының импортты алмастыру және жобалардағы қазақстандық үлесті арттыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасына сәйкес келеді.
«“Квантор” ИК» ЖАҚ-ның Қазақстан Республикасының өндірістік секторына белсенді қатысуы уфалық білікті мамандарды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (кәсіпорындағы жұмыс вахталық әдіспен ұйымдастырылған) және Башқұртстан Республикасының бюджетін толтыруға ықпал етеді.
2003 жылы «“Квантор” ИК» ЖАҚ-ның метрологиялық қызметі Башқұртстан Республикасында метрологиялық қызмет көрсету бойынша ең үздік деп танылды. 2004 жылы «ЗаманКвантор» ЖШС-нің салыстырып тексеру зертханасы құрылып, аккредитациядан өтті. Зертхананың мақсаты – кәсіпорында және тапсырыс берушілердің объектілерінде жұмыстарды орындау кезінде өлшемдердің бірыңғай және дәл болуын қамтамасыз ету.
«МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы үшін «Атырау» МАС-да және «Кеңқияқ» БМАС-да мұнай көлемін өлшеу жүйелері іске қосылып, сертификатталды. 2008 жылдан бастап жыл сайын «Кеңқияқ-Атырау» магистралдық мұнай құбыры объектілеріндегі мұнайды есепке алу торабына, газ дабылдағышқа және басқа өлшеу құралдарына сервистік және тексеру қызметтері көрсетіліп келеді.
2009 жылдан бастап 2012 жылғы маусымға дейінгі аралықта Компания Қазақстан Республикасындағы келешегі бар «Қашаған» кен орнын игеру кезінде метрологиялық қызмет көрсету бойынша Agip КСО компаниясының бас мердігері болды. Келісімшарттағы міндеттемелер аясында құрлықтағы объектілер мен аралдарда орналасқан, 66000 бірліктен асатын Agip KCO компаниясының өлшеу құралдарының дерекқорын жасау, түрлі өлшем құралдарын калибрлеу және тексеру; өлшеу құралдарының тізіліміне енгізу мақсатында Қазақстан Республикасында сертификатталмаған өлшеу құралдарын сынақтан өткізу жұмыстары; тік және көлденең резервуарларды градуирлеу, сондай-ақ құбыр-поршенді қондырғыны тексеру секілді жұмыстар жүргізілді.
Қазіргі уақытта объектіде «Рилей Жолдас» ЖШС-мен жасалған қосалқы мердігерлік шарттар арқылы Agip КСО компаниясының ісін жалғастырушы NCOC N.V. компаниясымен бірлескен жұмыс жалғасуда. «ERSAI Caspian Contractor» ЖШС-мен жасалған жоба бойынша есепке алу жүйелері мен метрологиялық жабдықтарға қызмет көрсетіледі.
2010 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Karachaganak Petroleum Operating B.V.» ЖҮАҚ үшін Қарашығанақ кен орнының аумағында орналасқан мұнай мен газды өлшеу жүйелеріне техникалық және метрологиялық қызмет көрсетіліп келеді. 2012 жылдан бастап логистикалық және метрологиялық қызметтерге келісімшарт жасалды.
Мұнай-газ саласындағы кәсіпорын объектілерін құру, жабдықтау және жаңғырту бойынша жобалық шешімдерді әзірлеу және жүзеге асыру компания қызметінің жеке бағыты болып табылады.
Осындай жұмыстардың мысалы: «Брагуны», «Старогрозненское» кен орындарындағы мұнай және газ өндіру цехтарына ТПБ АЖ (Технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесін), сондай-ақ, «Октябрьское», «Соленая балка» кен орындарының орталық мұнай жинау пунктіне «Роснефть» ҰК-мен келісімшарт бойынша ажырату қондырғыларын орнату (2007 жыл); 2007-2008 жылдары «Интергаз Орталық Азия» АҚ үшін «Орал» МГҚБ, «Оңтүстік» МГҚБ бойынша өлшегіш торапты қайта құрылымдауға жобалық-сметалық құжаттар әзірлеу; бақылау өлшеу аспаптары мен автоматиканы таратылған басқару жүйесі үшін Foxboro/Invensys компаниясының I/A Series бағдарламалық-техникалық кешенінің негізінде, апатқа қарсы қорғау жүйесі үшін Triconex компаниясының бұзылуға тұрақты Tricon контроллерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкестендіре отырып, ЭЛОУ-АВТ-6 және ЛЧ-35-11/600 қондырғыларының ТПБ АЖ жобасын әзірлеу («Саратовский НПЗ» ААҚ, 2008-2009 жылдар); пневматикалық жабдықты ЛЧ-35-11/600 электр қондырғысына алмастырып, көбікті өрт сөндірудің автоматтандырылған жүйесін жаңғырту («Узнефтмахсулот» АҚ, 2010 жыл); «Уфаоргсинтез» ААҚ үшін орындалған ацетон құю пунктін автоцистернаға техникалық қайта жарақтандыру бойынша жұмыс құжаттамасын әзірлеу (2014 жыл); «СИБУР-Кстово» ЖШҚ-ның пиролиз, газды бөлу және энергия өндіретін цехтарына жаңа аналитикалық бақылау аспаптарын толық жабдықтауға және орнатуға арналған жобалық құжаттамасын әзірлеу (2015 жыл) және т.б.
«Квантор» компаниялар тобы «Башнефть» АМК ЖАҚ-мен жақсы серіктестік қатынас орнатты. «Башнефть» АМК ЖАҚ еншілес компанияларының алаңдарында бірқатар жобалар орындалды, соның ішінде, бензин бөлу схемасын техникалық қайта жарақтандыру аясында Л-35-5 қондырғысының ТПБ АЖ (жоғары деңгей) жұмыс жобасы әзірленді (2010 жыл); Л-24-300 қондырғыларының ТПБ АЖ-ін (жоғарғы деңгей) кеңейту және Emerson Process Management компаниясы өндірген DeltaV техникалық құралы кешенінің базасындағы таратылған басқару жүйесін және апатқа қарсы қорғау жүйесінің ішкі жүйелерін ұйымдастырумен қатар изориформингтеу жұмысының жобасы әзірленді (2011 ж.); техникалық қайта жарақтандыру аясында сервистік өндірістің АКС қондырғысында ТПБ АЖ жобалық және жұмыс құжаттамасы әзірленді (2012 ж.); ТПБ АЖ-не жаңа аспаптардың көрсеткіштерін шығара отырып, «Метанол қоймасын қайта құрылымдау» объектісі бойынша метанолды сақтау ыдысына жобалық құжаттама әзірленді (2013 ж.); сұйылтқыштың берілуін автоматты түрде реттейтін висбрекинг қондырғысының тауарлық мазут компоненттерін дайындау құбырына вискозиметрлерді орнату бойынша жұмыс құжаттамасы әзірленді (2014 ж.) және т.б.
Компания мұнай-газ құбырлары жабдықтары мен коммуникацияларын электрохимиялық қорғау, жай-күйін диагностикалау және мұнай-газ объектілері жабдықтарының қалдық ресурсын есептеу сияқты жаңа қызмет бағыттарын да дамытуда.
2004 жылы «Стройтрансгаз» ААҚ-мен бірлесіп «Квантор» компаниялар тобының мамандары поляризациялық потенциал режимін реттейтін жаңа технологияларды қолдана отырып, Siemens заманауи жабдығына негізделген жабдықтар мен электрохимиялық қорғаныс жүйелерін реттеу және іске қосу бойынша «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырын (Қазақстан) салу кезінде үлкен жұмыс атқарды.
Осындай жұмыс кешені «ҚазҚұрылысСервис МГҚК» АҚ-мен ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды. «Квантор» компаниялар тобы Каспий құбыр консорциумының «Теңіз-Астрахань» мұнай құбырын кеңейту жобасында және Қазақстан Республикасында Қытай бағытына «Атасу-Алашанькоу» (2006 ж.) және «Кеңқияқ-Құмкөл» (2008-2009 жж.) жаңа мұнай құбырларын салу жобаларында (ЭХҚ монтаждау, іске қосу, реттеу және пайдалануға беру) жұмыстар жасады.
Әрі қарай, 2009-2010 жылдары «Квантор» компаниялар тобы уақытша және тұрақты электрохимиялық қорғаныс үшін катодты қорғаныс станцияларын жеткізу, монтаждау, реттеу және іске қосу бойынша, сонымен қатар, «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырында жоғары вольтты электр тарату желілерінің әсерін болдырмау және кернеуді бұру қондырғысын орнату бойынша, 2010-2011 жылдары - сол газ құбырының газ шығынын өлшеу жобасы бойынша мультиплексті трансформатор-түзеткіш құрылғысын жеткізу, монтаждау, іске қосу және реттеу бойынша бірқатар жұмыстар орындады.
Қазіргі уақытта «Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырының қуатын арттыру жобасы аясында катодты қорғаныс станциясын (КҚС) дайындау, жеткізу, орнатуды қадағалау және іске қосу-реттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, «Квантор» компаниялар тобының мамандары жобаларды түзету және объектілерді жаңарту бойынша күрделі техникалық мәселелердің шешімдерін әзірлеуде. Біздің компания келгенге дейін, Қазақстан Республикасының объектілеріндегі тапсырыс берушілерінің көпшілігінде сапасыз жүргізілген зерттеу жұмыстары мен жобалардағы қателіктердің салдарынан ЭХҚ жүйелерінің жұмысын қамтамасыз етуге немесе монтаждау мен реттеу жұмыстарын аяқтауға мүмкіндік бермейтін мәселелер туындаған. Осындай жобалар бойынша біздің мамандар тексеру жүргізіп, инженерлік шешімдер әзірледі.
Осылайша 2007 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ тапсырысымен «Квантор» компаниялар тобы SCADA жүйесіне катодты қорғаныс станцияларының шығуын қамтамасыз ете отырып, «Өзен-Атырау-Самара» және «Прорва-Құлсары» мұнай құбырларының электрохимиялық қорғаныс жүйесін жаңартты, ал 2010 жылы «Каспий Құбыр Консорциумы-К» АҚ үшін «Теңіз» БМАС-да және «Атырау» МАС-да электрохимиялық қорғаныс жүйелеріне кешенді зерттеу жүргізіліп, айдау станциялары алаңдарын коррозиядан қорғаудың активті және пассивті моделі жасалды.
«Қазақстан-Қытай құбыр желісі» ЖШС-мен жасалған келісімшарттар бойынша «Квантор» компаниялар тобының мамандары мұнай құбырларының қауіпсіздігі мен апатсыз жұмыс деңгейін талдау мақсатында «Атасу-Алашанькоу» және «Кеңқияқ-Құмкөл» магистральды мұнай құбырларының ЭХҚ құралдарына зерттеу жүргізді (2012 жыл).
Қазіргі уақытта «Дунга» кен орнында ЭХҚ құралдарын зерттеу, жеткізу, іске қосу-реттеу, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының аясында MaerskOilKazakhstanGmbH компаниясы үшін коррозиядан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілді; ЭХҚ бойынша карбонатты желіні күрделі жөндеуде Қазақстан Республикасының тәжірибесінде алғаш рет коррозиялы-белсенді ортаға төзімділігі жоғары және мөлшері мен салмағы шағын магнетиттік анодтар қолданылды.
2007 жылы «Квантор» компаниялар тобы ISO 9001 халықаралық стандарты бойынша сапа менеджменті жүйесіне сәйкес сертификатталды, бұл бизнес шекарасын анағұрлым кеңейтті.
2009 жылы кәсіпорын ISO 9001:2008, ISO 14001:2004 және OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттарының талаптарына сай келетін және сертификаттау жөніндегі MOODY INTERNATIONAL органы сертификаттаған сапа, экология, өндіріс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және персонал денсаулығының интеграцияланған менеджмент жүйесіне көшті. Алынған халықаралық сертификат «Квантор» компаниялар тобына ТМД және алыс шетел кәсіпорындарында халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып, жұмыс жасауға мүмкіндік береді.