Серіктестер

«Квантор» компаниялар тобы келесі компаниялармен бірлесе жұмыс істейді:

«Башнефть» АМК ЖАҚ

Қарқынды дамып келе жатқан ресейлік вертикалды интеграцияланған мұнай компаниясы.

Каспий құбыр консорциумы

Ұзындығы 1,5 мың шақырымнан асатын магистральдық құбырды салу және пайдалану үшін құрылған Ресей, Қазақстан, сондай-ақ жетекші әлемдік өндіруші компаниялар қатысатын ірі халықаралық мұнай тасымалдау жобасы.

«Роснефть» МК» ААҚ

Венесуэла, Эквадор, Куба республикасы, Канада, АҚШ, Бразилия, Норвегия, Германия, Италия, Алжир, Моңғолия, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Түркіменстан, Беларуссия, Украина және БАӘ-дегі активтерді қоса алғанда, Ресейде негізгі активтері және халықаралық мұнай-газ бизнесінің перспективалы өңірлерінде әртараптандырылған портфелі бар жаһандық энергетикалық компания.

«ЛУКойл МК» ЖАҚ

Әлемдегі ең ірі вертикалды интеграцияланған мұнай-газ компанияларының бірі. Жалпы әлемдік мұнай өндірудің 2%-дан астамы, әлемдегі дәлелденген мұнай қорының 1%-ға жуығы, бүкілресейлік мұнай өндірудің 16,4%-ы және бүкілресейлік мұнай өңдеудің 15,7%-ы осы компанияның үлесіне тиеді.

«Уфаоргсинтез» ААҚ

Ол 2000 жылдан бастап Ресей нарығында жұмыс істейді және полимер өнімдерінен бұйым жасау және бастапқы полимер шикізатын сату бойынша бірқатар қызмет ұсынады.

«СИБУР-Холдинг» ЖАҚ

Ілеспе мұнай газын өңдеу көлемі бойынша Ресейде бірінші орын алады және ресейлік мұнай-химия саласындағы жетекші компания.

«УзбекНефтеГаз» ҰХК

Тік интеграцияланған холдингтік компания.

«ҚазТрансОйл» АҚ

Ішкі нарыққа және экспортқа мұнай тасымалдау бойынша қызмет көрсететін Қазақстан Республикасындағы ең ірі мұнай құбыры компаниясы.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ

Компания өзіне концессияға берілген Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін тікелей басқарады және «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компаниясы) құрамына кіреді.

North Caspian Operating Company N.V.

Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім (СКӨБК) аясындағы жұмыс операторы.

«Karachaganak Petroleum Operating B.V.» ЖҮАҚ

Тауарлық-материалдық құндылықтарды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу саласындағы ҚПО компаниясының қызметі ҚПО компаниясының бекітілген тендерлік рәсімдеріне және Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім (ӨБТК) нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

«Теңізшевройл» ЖШС

Атырау облысындағы алып Теңіз кен орнын геологиялық барлаумен және игерумен айналысатын Қазақстандағы ең ірі кәсіпорын.

«МұнайТас» СБҚК» АҚ

«Қазақстан-Қытай» мұнай құбырының бір бөлігі - «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану жобасын іске асыру мақсатында құрылған бірлескен кәсіпорын.

«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС

Атасу-Алашанькоу (Қазақстан-Қытай), Кеңқияқ-Құмкөл (Қазақстан) мұнай құбырын жобалау, салу және пайдалану мақсатында құрылған бірлескен кәсіпорын.

«CPPE Kazakhstan» ЖШС (мұнай және газ құбырларын салатын қытайлық инженерлік корпорация)

Бүкіл әлемде мұнай және газ құбырларын салумен айналысатын CNPC (Қытайдағы ірі корпорация) еншілес ұйымы.

«ҚазҚұрылысСервис» МГҚК АҚ

Құбырлар мен компрессорлық станцияларды жобалауды, жеткізуді және салуды, Қазақстанда, Үндістанда, Түркіменстанда, сондай-ақ Таяу Шығыстың әлеуетті нарықтарына шығып, мұнай өңдеу зауыттары мен өнеркәсіптік жобаларды «кілтке тапсыру» әдісімен жүзеге асыратын компания.

«Стройтрансгаз» компаниялар тобы

Халықаралық әртараптандырылған құрылыс холдингі.

«Рилей Жолдас» ЖШС

Басқа инженерлік құрылымдарды салады.

«ERSAI Caspian Contractor» ЖШС

Металл дәнекерлеу жабдықтарымен, сондай-ақ 1000 тоннаға дейін жүк көтеру жабдығымен және құрылыс флотымен толық жарақталға н теңіз жобалары бойынша жетекші мердігер компаниялардың бірі.

Maersk Oil Kazakhstan GmbH

Қазақстандағы MAERSK OLIE OG GAS AS (Дания) компаниясының еншілес кәсіпорны, Маңғыстау облысындағы «Дунга» кен орнын игеруде оның өнімділігін арттыру мақсатында 60% тікелей үлестік қатысы бар компания.

«НПП ОЗНА-Инжиниринг» ЖШҚ

Мұнайды, мұнай өнімдерін, су мен газды есепке алу, мұнай-газ объектілерін автоматтандыру саласында инжинирингтік қызмет көрсететін қарқынды дамушы компания.

«Азиялық Газқұбыры» ЖШС

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қазақстан-Қытай» газқұбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес құрылған компания.

«Инженерный центр «Энергосберегающие технологии» ЖШҚ

«ИЦЭТ» компаниясы технологияны әзірлеуші және өндірістік, құрылыс және ауылшаруашылық салаларына арналған энергияны үнемдейтін жабдықтардың жетекші ресейлік өндірушісі.

«Информ» МГӨ

Өндірісті автоматтандыру саласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың алдында тұрған мәселелерді тиімді және кешенді шешу үшін құрылған ресейлік компаниялар тобы.

«КреативГео» ЖШҚ

Қызмет саласы: инженерлік және геофизикалық зерттеулер, геотехника, экология.

Compressor Controls Corporation

Турбиналық компрессор жабдығына арналған басқару жүйесін әлемдік өндіруші.

GCP German Cathodic Protection GmbH & Co. KG

Электрохимиялық қорғау саласындағы жабдықтар мен инновациялық шешімдерді жеткізуші әлемдегі жетекші компаниялардың бірі.

«Гомельтранснефть Дружба» ААҚ, «Полоцктранснефть Дружба» ААҚ

Ресей мен Қазақстан мұнайын Польшаға, Германияға, Украинаға, Венгрияға, Словакияға, Чехияға тасымалдауды, сондай-ақ Ресей мен Беларуссияның мұнайын «Мозырь МӨЗ»-на жеткізуді қамтамасыз етеді.

«Белоруснефть» ӨБ» РУК (республикалық унитарлық кәсіпорны)

Мемлекеттік мұнай компаниясы, Беларусь Республикасының отын-энергетикалық кешенінің көшбасшысы.

«Уфимкабель» ААҚ

Радиожиілік кабельдерін, монтаждық кабельдер мен сымдарды, қуат кабельдерін, бақылау кабельдерін, байланыс кабельдерін, сымдарын және баусымдарын, автосымдарды, бекітетін және жарық беретін сымдарды, геофизикалық кабельдерді, қалқалаушы метал шарбақтарды және т.б. шығарады. Кәсіпорынның негізгі даму бағыттарының бірі - мұнай-газ кешенінің кәсіпорындары үшін полимер материалдарынан оқшауланған және қабығы бар монтаждық кабельдерді шығару.

«Квазар» ЖШҚ

Трасса іздегіштер, құрал-саймандар жиынтығы және т.с.с. өнімдерді сенімді жеткізуші ретінде өзін танытқан компания.

«Новософт» ЖШҚ

Түрлі қолданушылар үшін - үйдегі пайдаланушыға арналған құпиясөздерді басқару бағдарламасынан бастап, ірі металлургия холдингтеріне арналған жабдықты басқарудың ірі ақпараттық жүйесіне дейін (соның ішінде, АСОМИ («АРМ Метролога») бағдарламалық жасақтамасы) өнімдер портфелін әзірлеуші.

«Башпромбезопасность» ҒТҚ РО АКЕҰ

Жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер.

ОВЕН

Автоматтандыру құралдарын әзірлеуші және өндіруші.