«Квантор» компаниялар тобы қызметінің дәстүрлі бағыты - тауарлық мұнай мен газды коммерциялық есепке алу жүйелерін іске қосу, техникалық қызмет көрсету және метрологиялық қамтамасыз ету. Тарифтердің ұдайы өсуіне байланысты энергия ресурстарын дәл есептеу өзекті болып отыр.
Мұнай мен газды коммерциялық есепке алу жүйелеріне техникалық қызмет көрсетудің мақсаты - жабдықтардың істен шығуы мен тоқтау санын азайту. Бұл регламенттік және профилактикалық процедура талаптарын уақытымен сақтау, жабдықтың жұмысын жүйелі талдау, тапсырыс берушіге ұсыныстар дайындау, жабдықты қайта құрылымдау және жаңарту жобаларын әзірлеуге қатысу негізінде жүзеге асырылады.
Жұмыстар
«Мұнай көлемін және сапа көрсеткіштерін өлшеу жүйелерін қолдана отырып, есепке алу операциялары кезінде мұнайдың массасын анықтау жөніндегі ұсынысқа»;
MI 3081-2007 «Мұнайдың, ашық түсті мұнай өнімдерінің және сұйық көмірсутектер көлемі мен сапа көрсеткіштерін өлшеу жүйелері. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Негізгі ережелеріне»
сәйкес, бекітілген жұмыстар тізбесіне, техникалық қызмет көрсету кестелеріне толық сәйкестікпен орындалады.
«Квантор» компаниялар тобы:
өндірілетін және тасымалданатын көмірсутектердің мұнай көлемін және сапа көрсеткіштерін өлшеу жүйесіне зерттеулер мен жобаға дейінгі тексерулер жүргізеді,
техникалық тапсырма әзірлейді және әрі қарай оны тапсырыс берушімен және Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпен мақұлдайды,
жұмыс жобасын әзірлейді,
метрологиялық сараптама және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізеді,
аумақтық техникалық-қадағалау органына жобаны тіркейді,
жабдықты таңдауды, жинақтауды және жеткізуді жүзеге асырады,
құрылыс-монтаждау, электр монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстарын орындайды,
жабдықтың пайдалану құжаттамасын әзірлейді,
тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануды жүзеге асырады,
тапсырыс берушінің персоналын оқытады,
МКӨЖ және ГШӨЖ-не (Газ шығынын өлшеу жүйесі) техникалық және жедел қызмет көрсетеді,
метрологиялық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетеді (өлшеу құралдарын тексеру, өлшеу әдістерін әзірлеу, өлшеу құралдарының мемлекеттік тізіліміне енгізу).
«Квантор» компаниялар тобы энергия ресурстарын (мұнай және мұнай өнімдері, газ, жылу, су) коммерциялық есепке алу жүйелерін метрологиялық қамтамасыз ету бойынша көп қызмет түрлерін ұсынады.
Ресей мен Қазақстанның мемлекеттік органдарымен және метрологиялық орталықтарымен, атап айтқанда, «ҚазМетрИн» РМК-мен, «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-мен, Д.И.Менделеев атындағы Бүкілресейлік метрология ғылыми-зерттеу институтымен, «БРШҒЗИ» МУКФ-мен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатылды.
«Квантор» компаниялар тобының өлшеу құралдарын тексеру, калибрлеу және жөндеу құқығындағы метрологиялық және тексеру зертханасы бар.
сұйықтықтың шығыс түрлендіргіштері;
температура және қысым түрлендіргіштері;
деңгей түрлендіргіштері;
мұнай ылғалдылығын өлшеуіштер;
тығыздық пен тұтқырлық түрлендіргіштері;
газ анализаторлары және т.б. аккредиттеу аясын қамтиды.
Аспаптар паркі шетелдік және отандық өндірушілердің жоғары дәлдіктегі тасымалды эталондарынан, қосалқы құрылғылардан, тексеруші газ қоспаларынан тұрады. 400-ге жуық бақылау-өлшеу жабдықтары жұмыстарды мәлімделген аккредиттеу аясына сәйкес, көбінесе далалықта орындауға мүмкіндік береді:
«H&D Fitzgerald Ltd» фирмасының пикнометриялық қондырғысы;
«Mettler Toledo» кулонометриялық титратор;
ВСВ-131 діріл деңгейінің қондырғысы;
«Поток-1» құю қондырғысы;
MC5-R, TRX-II типті көпфункционалды калибраторлар;
қысымның, температураның, электр сигналдарының, токтың тасымалды калибраторлары.
Энергия ресурстарын есепке алу жүйелеріне метрологиялық қызмет көрсету кезінде энергия ресурстарының сандық және сапалық көрсеткіштерін өлшеу дәлдігін арттыру:
эталон жабдығын жаңарту,
өлшеудің жаңа немесе түрлендірілген әдістемелерін әзірлеу, әрі қарай ҚР өлшеу құралдарының мемлекеттік тізіліміне тіркеу арқылы жүзеге асады.
Қазіргі уақытта «Квантор» компаниялар тобы Каспий құбыр консорциумына «Теңіз-Новороссийск» мұнай құбырының МКӨЖ-не техникалық және метрологиялық қызмет көрсету бойынша қызметтер ұсынады.