Негізгі ақпарат

«Квантор» Инженерлік компаниясы» АҚ Ресей және Қазақстан нарықтарында сұйықтықтар мен сусымалы материалдардың деңгейін өлшеуге арналған жоғары технологиялық құралдарды ұсынады.
Деңгей өлшегіштердің жұмыс істеу қағидаты жиіліктік модуляциясы бар үздіксіз сәулеленетін радиолокаторды (FMCW) қолдана отырып, қашықтықты жиіліктік әдіспен өлшеуге негізделген. Радиолокатор жоғары жиілікті сигнал жібереді, оның сәулелену жиілігі сызықты түрде артады. Сәулеленген сигнал өлшенетін ортаның бетінен шағылып, жиілігі өзгерген эхо-сигнал ретінде антенна арқылы қабылданады. Деңгей өлшегіштің электрондық блогында шағылған және сәулеленген сигналдардың ағымдағы уақыттағы жиіліктерінің айырмасы анықталады, бұл айырма өлшенетін ортаның бетіне дейінгі қашықтыққа тікелей пропорционал.
Деңгей өлшегіштер электрондық блоктан, радиолокатордан және деңгейөлшегіш корпусында орналасқан антеннадан, қосу штуцерінен немесе фланецтен тұрады. Электрондық блок сандық индикатормен жабдықталуы мүмкін.
Деңгей өлшегіштер жалпы өнеркәсіптік немесе жарылыстан қорғалған (жарылысқа төзімді қабықша [Ex d] және/немесе ұшқын қауіпсіз тізбек [Ex ia]) орындауда екі серияда шығарылады, олар жұмыс жиілігімен ерекшеленеді:
6х – жұмыс жиілігі 26 ГГц;
8х – жұмыс жиілігі 76–81 ГГц.
6х сериясына GQ Radar 61, GQ Radar 62, GQ Radar 63, GQ Radar 64, GQ Radar 65, GQ Radar 66, GQ Radar 67 модельдері кіреді, ал 8х сериясына GQ Radar 80, GQ Radar 80S, GQ Radar 81, GQ Radar 81S модельдері жатады. Бұл модельдер бір-бірінен өлшеу диапазоны және рұқсат етілген қателік шектері бойынша ерекшеленеді.
Жабдық қоршаған ортаның -60 °C-тан +60 °C-қа дейінгі температурасы жағдайында пайдалануға бейімделген, ГОСТ талаптарына сәйкес келеді және келесі сертификаттарға ие:
- Кеден одағының «Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне (ТР ТС 012/2011) сәйкестік сертификаты;
- Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат және аттестатталған тексеру әдістемесі;
- Техникалық регламент 004/2011 сәйкестік декларациясы;
- Кеден одағының «Электромагниттік үйлесімділік» техникалық регламентіне (ТР ТС 020/2011) сәйкестік декларациясы.
Деңгейөлшегіштер «GQ» сауда белгісімен сатылады.
Деңгей өлшегіштердің суреттері
GQ Radar 61, GQ Radar 62, GQ Radar 63, GQ Radar 64:
GQ Radar 65, GQ Radar 66, GQ Radar 67:
GQ Radar 80, GQ Radar 80S, GQ Radar 81, GQ Radar 81S:
Деңгей өлшегіштердің техникалық және метрологиялық сипаттамалары
Наименование характеристики | Значение | ||
Диапазон измерений расстояния до поверхности продукта (уровня), м: – GQ Radar 61, GQ Radar 66, GQ Radar 67 – GQ Radar 62, GQ Radar 63, GQ Radar 64, GQ Radar 65 – GQ Radar 80S, GQ Radar 81S – GQ Radar 80, GQ Radar 81 | от 0,5 до 20 от 0,3 до 70 от 0,08 до 20 от 0,08 до 100 | ||
Пределы допускаемой абсолютной погрешности измерений расстояния до поверхности продукта (уровня) по цифровому индикатору или цифровому выходному сигналу, мм: – GQ Radar 61, GQ Radar 65, GQ Radar 67 – GQ Radar 62, GQ Radar 66 – GQ Radar 63, GQ Radar 64 – GQ Radar 80S, GQ Radar 81S – GQ Radar 80, GQ Radar 81 при Lизм ≤ 30000 мм – GQ Radar 80, GQ Radar 81 при Lизм > 30000 мм | ±5 ±3 ±15 ±1, ±3 ±1, ±3 ±3 | ||
Пределы допускаемой приведенной погрешности воспроизведения выходного токового сигнала от 4 до 20 мА, % диапазона воспроизведения: – основной – дополнительной, вызванной изменением температуры окружающего воздуха от температуры (20±10) °С на каждые 10 °С | ±0,03 ±0,005 | ||
Выходные электрические сигналы | от 4 до 20 мА, HART, ModBus RTU (RS-485) | ||
Параметры электрического питания: – напряжение постоянного тока, В – напряжение переменного тока, В – номинальная частота переменного тока, Гц | от 15 до 28 от 190 до 250 50 | ||
Разрешение цифрового индикатора и цифрового выходного сигнала, мм | 0,01 | ||
Условия эксплуатации: – температура окружающей среды, °С – относительная влажность (при температуре +40 °С), %, не более | от -60 до +60 95 | ||
Параметры измеряемой среды: – избыточное давление, МПа – температура, °С | от -0,1 до 2 от -40 до +350 | ||
Габаритные размеры корпуса уровнемеров, мм, не более: – длина – ширина – высота | 121 97 164 | ||
Масса корпуса уровнемеров, кг, не более | 1,74 | ||
Средний срок службы, лет, не менее | 13 | ||
Средняя наработка на отказ, ч, не менее | 110 000 | ||
Тапсырыс берушілер нысандарында қолданылу фотосуреттері
Құжаттама
Өлшеу құралының типінің сипаттамасы
SIL 2 қауіпсіздік деңгейінің сертификаты
Тапсырыс берушілердің пікірлері
"ЕВРОХИМ УСОЛЬСКИЙ УКК" ЖШҚ тәжірибелік өнеркәсіптік сынау (ТӨС) актісі
"ТНП" ЖШҚ тәжірибелік өнеркәсіптік сынау (ТӨС) актісі
"ММУ" АҚ тәжірибелік өнеркәсіптік сынау (ТӨС) актісі
"БИТУМ" ЖШҚ тәжірибелік өнеркәсіптік сынау (ТӨС) актісі
"СКЗ" ЖШҚ тәжірибелік өнеркәсіптік сынау (ТӨС) актісі
"Ставропольнефтегаз" ЖШҚ тәжірибелік өнеркәсіптік сынау (ТӨС) актісі





