Энергетикалық сараптама және аудит

Энергетикалық сараптама және аудит

Бұл Ресейде «Энергия үнемдеу туралы және энергия тиімділігін арттыру туралы» №261-ФЗ Федералдық заңына сәйкес және Қазақстанда ҚР «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» №541-IV3 ҚР Заңына сәйкес дамушы қызметтің перспективалы түрі.

Кәсіпорынды энергетикалық тексеру (энергия аудиті) - отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) пайдалану тиімділігін арттыруға және тиісінше, шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруға негізі болады. Энергия аудитінің нәтижелері ОЭР пайдалану динамикасы мен тиімділігін талдауға, оларды ұтымсыз пайдалану орындарын анықтауға мүмкіндік береді. Енгізіліп жатқан энергия үнемдеу шараларының өтелу мерзімі 3 айдан 3 жылға дейін екенін тәжірибе көрсетіп отыр.

Энергия аудиті келесі жұмыстарды қамтиды:

  • кәсіпорында тұтастай алғанда, жеке технологиялық процестерде немесе жеке жабдықтарда ОЭР-ді (қазандық-пеш отыны, электр қуаты, жылу энергиясы, сығылған ауа, мотор отыны, ыстық және суық су және т.б.) пайдалану динамикасы мен тиімділігін талдау мақсатында жүргізілген құжаттық тексеру;

  • жабдықпен ОЭР ұтымсыз шығындары мен ұтымсыз пайдалану шамасын анықтау мақсатында жүргізілген аспаптық тексеру;

  • өнеркәсіптік ОЭР тұтынушының техникалық есебі мен энергетикалық паспортын жасау. Кәсіпорынның энергетикалық паспортында кәсіпорынның негізгі отын, жылу және энергия тұтынатын жабдықтары, базалық жыл бойынша ОЭР негізгі түрлерінің балансы туралы ақпарат қамтылады;

  • ОЭР-ды жылдық үнемдеу шамасымен, олардың бағдарлық өтелу мерзімімен энергия үнемдеу шараларын әзірлеу;

  • қабылданған ұсыныстарды қолдау және жүзеге асыруға қатысу.

«Квантор» компаниялар тобының энергия аудитін жүргізуге ресми түрде расталған құқығы бар, яғни, энергия үнемдеу саласындағы Ресей заңнамасының барлық қажетті талаптарына сай келеді:

  • «ИК Квантор» АҚ - өзін-өзі реттейтін «Ассоциация экспертов ЭнергоАудит» ұйымының құрамына кіреді (энергетикалық тексеру саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың мемлекеттік тізілімінің тіркеу нөмірі №СРО-Э-033);

  • «ЗаманКвантор» ЖШС өнеркәсіптік кәсіпорындарға, ғимараттарға, құрылыстарға және имараттарға энергия аудитін жүргізуге аккредиттелген (06.04.2015 ж. №084 аккредиттеу туралы куәлік);

  • штатта РФ Энергетика министрлігінің 07.04.2010 жылғы №148 бұйрығына сәйкес, энергия аудиті бойынша қосымша даярлықтан өткен, арнайы жоғары білімді, мол тәжірибесі бар аккредиттелген мамандар жұмыс істейді;

  • энергетикалық тексеру жүргізу үшін отандық және шетелдік өндірістің заманауи құрылғыларымен жабдықталған.

Компанияның аспаптар паркі - уақытымен тексеріліп, калибрленіп, техникалық қызметтен өткізіледі және жұмысты өз күшімен жүргізу үшін жеткілікті.

Компания жоғары сапаға және тиімді технологияларды қолдануға кепілдік бере отырып, бірлесе жұмыс істеуге шақырады. Өнеркәсіп объектілеріндегі көп жылғы, соның ішінде, энергия аудиті тұрғысынан жұмыс тәжірибесінің молдығы, аспаптық тексерудің барлық түрін, білікті персоналды, кәсіби қауіпсіздік саласында стандарттардың сақталуын қамтамасыз ететін диагностикалық аспаптардың заманауи паркі «Квантор» компаниялар тобының сенімді іскер серіктес екендігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді.

Энергия үнемдеу технологиялары саласындағы шешімдер.

«Квантор» компаниялар тобы дамудың жаңа бағыты ретінде «Энергия үнемдеу технологияларының инженерлік орталығы» (ИЦЭТ) компаниясымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындар үшін ауаны жылыту, темірбетон бұйымдарын термиялық ылғалмен өңдеу, инертті материалдарды қыздыру, сүрек пен ауылшаруашылық өнімдерін кептіру және т.б. үшін газбен жабдықтау жүйесі бар энергия үнемдейтін жабдықтарды өндіру және жеткізу шешімдерін әзірлейді.

Инновациялық технологиялар мынадай ҚР мемлекеттік бағдарламаларын шешуге бағытталған:

  • энергия аудиті және энергия үнемдеу (2012 жылғы 13 қаңтардағы №541-IV «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңы, 15.06.2015 ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  • инновациялық технологиялар (10.06.2014 ж. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» №207-V ҚР Заңы, 29.12.2014 ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).

Ұсынылған энергия үнемдеу шешімдері кәсіпорындарға энергия шығындарын азайтуға, қаражатты үнемдеуге, өтелу мерзімін қысқартуға және ҚР-да өндірілген өнімді әлемдік нарыққа шығаруға мүмкіндік береді.