Дәл диагностика — сенімді қорғаныс (DCVG әдісі)

Жарияланды: 2026.09.27 11:00
Дәл диагностика — сенімді қорғаныс (DCVG әдісі)

Дәл диагностика — сенімді қорғаныс: біздің кәсіпорын оқшаулағыш жабынды зерттеудің DCVG-әдісін игерді.

Біздің компания DCVG (Direct Current Voltage Gradient — тұрақты кернеу градиент әдісі) әдісін сәтті игеріп және өндірістік тәжірибеге енгізіп жерасты құрылыстардың (құбырлардың) жай-күйіне диагностика жүргізу саласы бойынша қызметтердің аясын кеңейтті. Бұл жерді қазусыз жоғары дәлдікпен ақауды анықтауға мүмкіндік беретін жерасты құбырлардың оқшаулағыш жабынын зерттеудің түйіспесіз заманауи технологиясы.

Бұл әдістің мәнісі неде? Тұрақты тоқ сигналы құбырға беріледі, ал оператор жер үстіндегі кернеу градиентінің өзгерістерін тіркей отырып, жоғары сезімталдықты электродпен трасса бойымен қозғалады. Тоқтың кеміп жатқан жері оқшаулағыштың зақымдалғанын көрсетеді.

DCVG әдісінің негізгі артықшылықтары:

· Жоғары дәлдік — ақаудың орны ±15 см дейін қателікпен анықталады, бұл шурфовкалау көлемі мен жөндеу жұмыстарының шығындарын күрт азайтады.

· Сандық бағалау — әдіс ақаудың қауіптілік (%IR) деңгейін есептегенге және оларды дереу жоюды талап ететін мен болмашы деңгейіне бөлуге мүмкіндік береді.

· Коррозиялық белсенділікті анықтау — тоқтың бағытын талдау анодтық аумағындағы ақау екендігі көз жеткізуге яғни белсенді коррозия жерін анықтауға мүмкіндік береді.

· Қайта айдауды тоқтатусыз жүргізілетін жұмыс — зерттеу тасымалдау тәртібін бұзбай жұмыс жасап тұрған құбырда жүргізіледі.

· Басқа әдістермен үйлесімділігі —DCVG әдісінің нәтижелері катодтық өлшемдер мәліметтерін және құбырішілік диагностикасын жақсы толықтырады.

Біздің компанияның мамандары бұл әдісті жауапты нысанда – ірі халықаралық консорциумның магистралды мұнай құбырында - қолданды. Жұмыс барысында трассаның учаскелері зерттеліп, DCVG технологияның жоғары тиімділігі расталды.

Тапсырыс берушінің басшылығына білдірген сенім мен магистралды мұнай құбырының нысандарында әдісті сынап көруге мүмкіндікті бергені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Алған тәжірибе біздің құзыреттерімізді дамытудағы маңызды қадам болып, топтың кез келген деңгейдегі міндеттерді орындауға дайындығын растады. Хабарласыңыздар — құбырларыңыздың сенімді диагностикасын қамтамасыз етеміз!