Профориентированная экскурсия для учеников НИШ г. Атырау

Жарияланды: 2026.03.05 09:38
Профориентированная экскурсия для учеников НИШ г. Атырау
Профориентированная экскурсия для учеников НИШ г. Атырау

«ЗаманКвантор» ЖШС «Атырау қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің» 11-сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру экскурсиясын ұйымдастырды. Экскурсияның негізгі мақсаты – оқушыларды компания қызметінің бағыттарымен, өндірістік үдерістердің ерекшеліктерімен таныстыру және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру.

Іс-шара өндірістегі қауіпсіздік техникасы және еңбек қауіпсіздігі қағидалары бойынша толыққанды нұсқама жүргізуден басталды. Компания мамандары қатысушыларға ұйым қызметінің стратегиялық бағыттары, алдағы жылдарға арналған даму мақсаттары мен міндеттері туралы жан-жақты ақпарат берді.

Экскурсия барысында оқушылар жобалау қызметінің барлық кезеңдерімен – бастапқы іздестіру жұмыстарынан бастап жобаны сараптау сатысына дейін – танысты. Сонымен қатар өндірістік базаға барып, метрологиялық және электротехникалық зертханалардың жұмысымен тәжірибе жүзінде танысу мүмкіндігіне ие болды.

Қатысушыларға радиоэлектрондық аппаратура өндірісінің кезеңдері, автоматтандырылған басқару жүйелеріне арналған шкафтарды дайындау үдерісі, сондай-ақ радарлық деңгейөлшегіштерді өндіру және сынақтан өткізу тәртібі көрсетілді. Бөлімше басшылары өз құрылымдық бөлімдерінің қызметі, техникалық жарақтандырылуы және өндірістік мүмкіндіктері туралы толық мәлімет ұсынды.

Іс-шара барысында оқушылар компания мамандарымен белсенді диалог орнатып, кәсіпорын қызметінің түрлі бағыттарына қатысты мазмұнды сұрақтар қойды. Экскурсия қорытындысында мектеп оқушылары ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, ұсынылған ақпараттың кәсіби бағдар таңдауда маңызды болғанын атап өтті.

Экскурсия барысында мектеп оқушылары компания мамандарымен белсенді түрде пікір алмасып, «ЗаманКвантор» ЖШС қызметінің барлық бағыттарын қамтитын түрлі сұрақтар қойды. Оқушылар қызметкерлерге қызықты әрі танымдық экскурсия үшін алғыс білдірді.

Экскурсия соңында қатысушылар компанияда тәжірибеден өту мүмкіндігі мен болашақта жұмысқа орналасу перспективалары туралы ақпарат алды.

Кәсіптік бағдар беру іс-шаралары – «ЗаманКвантор» ЖШС-де жүзеге асырылатын кадрлық резервті қалыптастыру саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады..

экскурсиядан бейнеролик