КҚК-нің Қауіпсіздік күні. 1-ші орын

Жарияланды: 2023.09.25 11:00
КҚК-нің Қауіпсіздік күні. 1-ші орын

2022 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасының мұнайлы астанасы саналатын Атырау қаласында Каспий Құбыр Консорциумының мерейтойлық 10-шы Қауіпсіздік күні өтті. Іс-шара халықаралық консорциумның акционерлерінің, мердігер мекемелері мен серіктестерінің, сонымен қатар өңірлік билік органдары өкілдерінің қатысуымен 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Бүгінде КҚК мен жобаға тартылған мердігер мекемелердің қызметкерлері жарақатсыз жалпы 7,4 млн адам/сағат жұмыс істеді.

Қауіпсіздік күні іс-шарасына 600-ден астам адам, 28 бригада жұмылдырылды, сонын ішінде: «КИНГ» АҚ және «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Начин» ЖКҰ ЖШҚ, «ММ Секьюрити» ЖШС, «СТЭМ» ЖШҚ, «ЗаманКвантор» ЖШС, «Еврострой» ЖШС, «Агропромтехника» ЖШС, «ВЕЛЕССТРОЙ» ЖШС, «ВЕЛЕССТРОЙ» ЖШҚ, «СТАРСТРОЙ» ЖШҚ, «Пром Эксперт» ЖШҚ, «Южное транспортное предприятие» ЖШҚ, «ГПВН» АҚ, «СНГ» ЖШҚ, «Мастер-Сервис»ЖШҚ, «Dos Support» ЖШС, «ЭКРА» ҒӨК ЖШҚ, «Синтек» ЖШҚ, Шығыс, Орталық, Батыс аймақтарының және КҚК Теңіз терминалының командалары, КҚКТЖЖБ командасы, «АСПМК-519» ЖШС, «Магистральды суағызғы» ЖШС, «Промстрой-Энерго» ЖШС, «Премиум» ЖШҚ.

2022 жылғы іс-шараның жалпы ұраны - «Озаттар уақыты».

«Бәрі де мүмкін» деп аталатын сайыс пандемия туындаған жағдайда жұмысты және медициналық қамтуды тиімді басқару дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді. «Қауіпсіздік – жеңіс кілті» тәуекелдерді басқару процесін жетілдіруге, тәуекел кедергілерінің тиімділігін бағалауға, наряд-рұқсат беру жүйесінің жұмысына, оқыс оқиғалардың түпкі себептерін тергеу және анықтау процесіне бағытталған. «Қауіпсіздік олимпиадасы» сайысында ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы біліктілік пен дағдыларды көрсете алады. Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мердігер ұйымдарды басқару жүйесін жетілдіру тақырыбындағы сайыс«Біргеміз» деп аталады. «Біріншілер (Алғырлар, озаттар) уақыты» - ынталандыру және жауапкершілік жүйесін жетілдіру, ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ бизнес-процестерін автоматтандыру және интеграциялау жөніндегі сайыс. «Алға қадам» сайысының міндеттері өндірістік қызметтің экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. «Стихия (апаттар) ойындарында» сайыскерлер апатқа дайындықтарын және төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету дағдыларын тексереді.

Қауіпсіздік күні дәстүр бойынша сайысты қорытындылап (оны кейін ҚҚК баспасөз қызметі жариялайды), жеңімпаздарға сыйлықтар табыстаумен аяқталады. Жалпы, бұл іс-шарадан халықаралық КҚК жобасының барлық қатысушылары ұтады. Өйткені өндірістік нысандардағы қауіпсіздік деңгейі одан әрі нығая түседі.

Сайыс қорытындысы бойынша «ЗаманКвантор» ЖШС 1-ші орынды иеленді. Әріптестерімізді құттықтаймыз!

https://www.cpc.ru/RU/press/releases/2022/Pages/20220914.aspx

https://youtu.be/K3U_51cRq-Q

Анықтама:

КҚК құбыр жүйесі - ТМД аумағында шетел капиталының қатысуымен жүзеге асырылып жатқан энергетика саласындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1511 шақырымды құрайды. Қазақстанның бүкіл экспорттық мұнайының үштен екісінен астамы,сондай-ақ ресейлік, соның ішінде Каспий теңізінде орналасқанкен орындарының шикізатыосы бағыт бойынша тасымалданады. КҚК теңіз терминалы шығарылатын үш айлақ қондырғысымен жабдықталған. Ол жағалаудан айтарлықтай қашықтықта және қолайсыз метеожағдайда танкерлерді қауіпсіз тиеуге мүмкіндік береді.

КҚК акционерлері: Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттік атынан «Транснефть» ЖАҚ (сенімгерлікпен басқару) - 24% және «КТК Компани» - 7%, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ - 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKARCO B.V. – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holdings Limited – 2%, Eni International N.A. N.V. S.ar.l. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.